PRO

Көбірек мүмкіндіктер AI Platform тарифінде

Көмек қажет

Русский

KZ

Қазақша

RU

Русский

US

English

documentolog

AI Platform

Клиенттер

Тарифтер

О нас

Ресурстар

logo

Documentolog компаниясы ұлттық қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы принциптерге сәйкес келетінін мәлімдейді

_

4 минуты

09.06.2025

1098

Байжан Канафин

Documentolog-тың бас директоры

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Documentolog компаниясы ұлттық қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарға адал екенін мәлімдейді.

Астана қ. — 2025 жылғы 9 маусым

2025 жылғы 9 маусымда KazTAG порталында «Documentolog бағдарламалық қамтылымына байланысты жағдайдан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр — қоғам белсенділері» атты мақалаға жауап ретінде Documentolog компаниясы ресми түрде мәлімдейді:

Біз азаматтық қоғамның цифрлық тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздік мәселесіне алаңдауын толық түсінеміз. Осы себепті Documentolog компаниясы 18 жыл бойы қазақстандық мамандар жасаған отандық технологиялар мен шешімдерді дамытып келеді. Біз жай ғана IT-компания емеспіз — біз елдің цифрлық егемендігінің бір бөлшегіміз.

Біздің өнімдеріміз:

  • тек Қазақстан аумағында әзірленеді және сақталады,

  • шетелдік кодты немесе сыртқы жеткізушілерге қатысты осалдықтарды қамтымайды,

  • аудиттен сәтті өтіп, уәкілетті органдардың аккредитациясын алды.

Сондай-ақ, Documentolog бағдарламалық қамтылымына толықтай меншік және мүліктік құқықтар Documentolog компаниясына тиесілі екенін растаймыз. Біз бұл құқықтарды ешқашан үшінші тұлғаларға берген емеспіз және платформаның архитектурасы мен қауіпсіздігін толық бақылаймыз.

Компания бүкіл қызметі барысында сенімді әрі тексерілген жеткізуші ретінде өзін танытып келеді, бұл Қазақстан бойынша 140 000-нан астам корпоративтік клиенттің сенімімен расталады.

Мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымын енгізу — бұл архитектуралық және әдістемелік жағынан күрделі жоба. Соңғы 6 жыл бойы Documentolog бұл жобаны іске асырып келеді, оның ішінде 4 жылдан астам уақыт бойы бұл жұмыстар толығымен өтеусіз негізде жүргізілді. Бұл – елдің цифрлық дамуына және Үкіметке қолдауға бағытталған компанияның саналы таңдауы.

Біз Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігі сенім мен әріптестікке негізделуі тиіс деп сенеміз. Мемлекет жекелеген ойыншылардың медиа қысым мен айыптауды адал емес бәсекелестік құралы ретінде қолдануына тәуелді болмауы керек. Мұндай әрекеттер елдегі ашық бәсекелестік пен адал бизнес жүргізу қағидаттарына деген сенімді әлсіретеді.

Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бекітілгенін ашық мәлімдейміз және біз өз қызметімізді Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте жүргіземіз. Біздің серіктестер мен клиенттер бізге және бизнес үдерістерге айтарлықтай әсер ететін платформаға сенім артады. Біз еліміздің ірі компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестігімізді мақтан тұтамыз.

Компания ешқашан монополиялық немесе артықшылықты жағдайда болған емес. Біз бәсекелестік жағдайда жұмыс істейміз, сапаны арттырып, инновация енгіземіз. Ұлттық деңгейдегі танымалдылыққа біз мықты команда мен клиенттердің сенімі арқасында қол жеткіздік.

Біз шындыққа жанаспайтын, дәлелсіз ақпараттың медиа кеңістікке түскеніне өкініш білдіреміз.

БАҚ өкілдерін, мүдделі ҮЕҰ мен сарапшылар қауымдастығын компаниямыздың жұмыс принциптерімен, платформаның архитектурасымен және деректерді қорғау шараларымен танысуға шақырамыз. Біз әрқашан қауіпсіздікке, сенімділікке және ашықтыққа негізделген қызмет атқарып келеміз.

Құрметпен,

Байжан Канафин

Documentolog ЖШС негізін қалаушы

Релизы

Поделитесь ссылкой в социальных сетях:

Читайте еще

22.08.2025

Documentolog Business жаңа мүмкіндігі: жүздеген келісімшарт бірнеше минутта

Енді артық рутина жоқ — тек бизнес.

21.08.2025

«Documentolog» ЖШС-нің ресми мәлімдемесі. БҚДА әрекеттеріне байланысты теріске шығару және құқықтық ұстаным

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) «электрондық құжат айналымы нарығын заңсыз бұғаттау» және «Documentolog» ЖШС-ні электрондық құжат айналымы нарығында үстем субъект деп тану туралы баспасөз хабарламасын таратты. Біз бұл тұжырымдардың бұрмаланғанын және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеуді қажет деп санаймыз.

16.07.2025

Біз өз шешімдеріміздің ақпараттық қауіпсіздігін тексердік

Documentolog компаниясында ақпараттық қауіпсіздік басты басымдықтардың бірі. Біз клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі, біз ұсынатын қызметтер мен деректердің қаншалықты сенімді қорғалғанына байланысты екенін түсінеміз.